2019 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша

Аудан әкімдігінің 2018 жылдың 10 желтоқсандағы № 49 бұйрығымен бектілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес ІІ тоқсан қорытындысы бойынша 1 бөлімге және 1 ведомствалық бағынысты мекемеде тексеріс жүргізілді.

Қызмет алушылар тарапынан жергілікті атқарушы органдарға және қызмет берушілерге келіп түскен шағымдар жоқ.

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Сырым ауданының (12) ауылдық округ әкімі аппараттары және (9) дербес бөлім, ведомствалық бағынысты (28) ұйым мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2019 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы- 4842 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1327;

- «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2254;

- қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны -1261;

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны –445;

- Мамыр айында бір мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі бұзылып көрсетіліп, жауапты тұлғадан шара алынды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша, қызмет алушыларды, мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және БАҚ-ның өкілдерін қатыстыра отырып, дөңгелек үстелдер түрінде жиындар қажеттілігіне қарай өткізілуде.

Қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің хабардарлығын арттыру мақсатында бекітілген медиа – жоспарға сәйкес аудандық «Сырым елі» газетінде және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында мақалалар топтамасы жариялануда.

Сырым ауданының ресми сайтына және ауданның facebook-ғы әлеуметтік желісіне электронды үкімет порталын кеңінен насихаттауға байланысты, көрсетіліп жатырған мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау мақсатындағы бейне роликтер орнатылды. Сонымен қоса ауданымыздың «Smart Syrym» мобилді қосымшасына EGOV.KZ телеграм бот арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қалай алуға болатыны туралы нұсқаулық орналастырылды.

 

2018 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша

Аудан әкімдігінің 2017 жылдың 20 желтоқсандағы № 44 бұйрығымен бектілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес ІІ тоқсан қорытындысы бойынша 4 бөлімге және 1 ведомствалық бағынысты мекемеде  тексеріс жүргізілді.

Қызмет алушылар тарапынан жергілікті атқарушы органдарға және қызмет берушілерге келіп түскен шағымдар жоқ.

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Сырым ауданының (12) ауылдық округ әкімі аппараттары және (9) дербес бөлім, ведомствалық бағынысты (28) ұйым мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2018 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы- мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 797;

- «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2290;

- қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны -3440;

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны –579;

- мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер осы тоқсанда болған жоқ.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша, қызмет алушыларды, мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және БАҚ-ның өкілдерін қатыстыра отырып, дөңгелек үстелдер түрінде жиындар қажеттілігіне қарай өткізілуде.

Қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің хабардарлығын арттыру мақсатында бекітілген медиа – жоспарға сәйкес аудандық «Сырым елі» газетінде және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында мақалалар топтамасы жариялануда.

А.ж. 04 маусымынан бастап аудан тұрғындарын цифрлық сауаттылыққа оқыту жұмыстары басталды.