Елтай ауылдық округінің әкімі – Иманкулов Батырғали Рамазанұлы

 

Сырым ауданы әкімінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №250 өкімімен Елтай ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

Иманкулов Батырғали Рамазанұлы 1989 жылы Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Тамды ауылында дүниеге келген.  Білімі жоғары. 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.

2010 жылдың шілде-желтоқсан айларында Сырым аудандық жер кадастрлық филиалында машықтанушы;

2011 жылғы наурыз-сәуір айларында Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінде статист;

2011-2016 жылдары аралығында «Жер кадастры ҒӨО» РМК БҚ филиалы Сырым аудандық бөлімшесінің басшысы;

2016 жылдың тамызынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Сырым аудандық бөлімшесінің басшысы қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 2 қызы бар.

 

Округ әкімінің азаматтарды қабылдау кестесі - әр аптаның сейсенбі күні 
Қабылдау уақыты: сағат 10.00 ден 12.00-ге дейін 
Мекен-жайы: БҚО, Сырым ауданы, Тасқұдық ауылы, Датұлы көшесі, № 1 
Электронды адрес: akim_eltai@mail.ru 
Телефон: 52-0-26