Аралтөбе ауылдық округінің әкімі – Мұхитов Әділхан Рахымжанұлы  

        

 

Сырым ауданы әкімінің 2017 жылғы 2 қазандағы №187 өкімімен Мухитов Әділхан Рахымжанұлы Аралтөбе ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды. Мухитов Әділхан Рахымжанұлы 1964 жылы 02 қыркүйекте Орал облысы, Жымпиты ауданы, Аралтөбе ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы эколог.

Еңбек жолын 1984 жылы Жымпиты совхозының жұмысшысы болып бастаған.

1984 -1986 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеген.

1987 -1991 жылдары Жымпиты совхозының №1 бөлімшесінің веттехнигі,  совхоз директорының жастар ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасаған.

1991 – 2004 жылдары «Көзімбет» шаруа қожалығының басшысы болған.

2004 – 2009 жылдары ҚР АШМ Сырым аудандық аумақтық инспекциясының Аралтөбе ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық инспекторы болып қызмет атқарған.

2009 – 2013 жылдары Аралтөбе ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Сырым аудандық ветеринарлық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының міндетін атқарып келді.

Отбасылы, 1 қыз, 1 ұлы бар.  

Азаматтарды қабылдау кестесі: Әр аптаның сәйсенбі күні
Қабылдау уақыты: сағат 9.00 ден 12.00-ге дейін 
Мекен-жайы: БҚО, Сырым ауданы, Аралтөбе ауылы, Абай көшесі, №1 
Электронды адрес: araltobe-akimat@mail.ru   
Телефон: 95-148, 95-101