Бұлдырты ауылдық округінің әкімі – Мақашев Ерлан Қабдолуапұлы

 

Сырым ауданы әкімінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №248 өкімімен Бұлдырты ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды.

Мақашев Ерлан Қабдолуапұлы 1983 жылы Орал облысы, Ақжайық ауданы, Сары - Өмір ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2004 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

2004 –2007  жылдары Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маман-заңгері;

2007 –2012 жылдары Сырым ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі, ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі;

2012 –2013 жылдары Сырым аудандық салық басқармасының салық және өндіріп алу бөлімінің бас маманы;

2013 жылдың желтоқсаны мен 2017 жылдың желтоқсан айларында Бұлдырты ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 3 ұлы бар.

 

Округ әкімінің азаматтарды қабылдау кестесі - әр аптаның сейсенбі күні 
Қабылдау уақыты: сағат 9.00 ден 12.00-ге дейін 
Мекен-жайы: БҚО, Сырым ауданы, Бұлдырты ауылы, Датұлы  көшесі, № 2 
Электронды адрес: akim_buld@mail.ru 
Телефон: 92-3-29