Жымпиты ауылдық округінің әкімі – Баяндыков Арман Толқынұлы

Сырым ауданы әкімінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы №2 өкімімен Жымпиты ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды.

Баяндыков Арман Толқынұлы 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы экономист-менеджер.

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы бойынша салық комитетінің жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімінің инспекторы болып бастаған.

2000-2007 жылдары Сырым ауданы бойынша салық комитетінің жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекші маманы, бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы, тексеру бөлімінің бастығы, салық есебін және өндіру, салық тіркеу, ақпараттық технологиялар және салық әкімшілігін жүргізу бөлімінің бастығы болып қызметтер атқарған.

 2007-2014 жылдары Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы «Сырым» СКТ» ЖШС төрағасы, "МКО"Милена-Сырым" ЖШС несие инспекторы, "ОВС"Сырым-Бірлік" ӨК бас маманы болып жасаған.

2015-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдың 20 қазанынан Сырым аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып жұмыс жасап келді.

Отбасылы, 1 ұл, 2 қызы бар.

 

Округ әкімінің азаматтарды қабылдау кестесі - әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері
Қабылдау уақыты: сағат 10.00 ден 12.00-ге дейін 
Мекен-жайы: БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, № 11/1 
Электронды адрес: Zhympity05@mail.ru
Телефон: 31-2-18