Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы - Бектенов Өркен Өрденбайұлы

 

 

Сырым ауданы әкімінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №38 өкімімен Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.   

Бектенов Өркен Өрденбайұлы 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық техникалық университетін бітірген. Мамандығы экономист менеджер.

Еңбек жолын 2005 жылы Сырым ауданы бойынша салық комитетінің маманы болып бастаған.

2005-2009 жылдары Сырым ауданы бойынша салық комитетінің маманы, жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы болып жасаған.

2009 жылдың сәуір-қыркүйек айларында  Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2009-2010 жылдары Орал қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы;

2010-2011 жылдары Сырым ауданы әкімінің көмекшісі-бас инспектор;        

2011-2013 жылдары Сырым ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі;

2013-2017 жылдары Сырым аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

2017 жылдың наурызынан Сырым ауданы әкімдігінің «Сырым» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының экономисі болып жасап келеді.

2018 жылдың 23 ақпанынан бастап Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы.

 


 

Мекен жайы: БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Мендалиев көш. 14

Бөлім басшысының азаматтарды қабылдау күні:

Сейсенбі күні сағат 10.00 ден 12.00-ге дейін

Электронды адрес: sirim-stroi@mail.ru 

 

Мемлекеттік мекеменің негізгі қызметінің нысанасы мен мақсаттары міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

«Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі қызметінің нысанасы:

Сырым ауданының сәулеттік, қала құрылыстық және құрылыс ісіндегі аумақтың тұрақты дамуын, азаматтардың тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасау.

Міндеттері:

1) Сырым ауданы аумағында мемлекеттік сәулет, қала құрылысы, құрылыс саясатын жүргізу;

2) өз құзыреті шегінде құрылыс объектілерімен жолдарды салуға арналған бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;

3) құрылыс процестерін технологиялық жағынан сүйемелдеуді қоса отырып, аудан аумағында қала құрылысын салуды игеру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы заңнамалардың, мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

4) бекітілген мерзім ішінде барлық қажетті құжаттамамен шарттар бойынша банктік операцияларды рәсімдеуді;

5) жобалау ұйымдары мен бас мердігерлермен шарттар жасауды шарт міндеттерінің орындалуын қадағалауды;

6) мемлекеттік қала құрылысы кадастарын аудандық деңгейде енгізу;

7) ұзақ мерзімді, орта мерзімді жобалар мен күрделі құрылыс пен қайта құрылымдаудың ағымдағы жоспарларын дайындауды;

8) құрылыс және қайта құрылымдау жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді, жобалау-сметалық құжаттаманы уақтылы береді,құрылыс жұмыстарының мерзімі мен сапасына олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкестігіне техникалық қадағалау жасайды;

9) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;

10) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;

12) Мемлекеттік қызмет стандарты бойынша «Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру»

13) Мемлекеттік қызмет стандарты бойынша «Сәулет-жоспарлау тапсырмасынберу»;

Функциялары:

1) Сырым   ауданы     аумағында   мемлекеттік    сәулет, қала    құрылысы, құрылыс   саясатын   жүргізу;

2)  ауданның жергілікті атқарушы органдарының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын «Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс  бөлімі»   мемлекеттік   мекемесінің басшысы лауазымы бойынша аудандардың бас сәулетшілері болып табылады;

3) аудандағы елді мекендердің бас жоспарын, тәптіштелген жоспарлау жобаларын (ТЖЖ) және тораптарын дайындау үшін бастапқы деректемелерді әзірлеуге қатысады, бөлімге тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің құқығы берілген жағдайда аумақтардың инженерлік жабдықтау жобаларын және ТЖЖ-ны дайындау бойынша тапсырысшы болады;

4) ескі және аз қабатты тұрғын үйді бұзудың тиісті бағдарламаларын дайындауға және оларды жоғары тұрған мемлекеттік қала құрылысы қызметін реттеу органдарына келісуге және бекітуге қатысады;

5) ауданның бас жоспарын жүзеге асыруына және оның дамуына дайындалған тұрғын үй, өндірістік аудандары мен сәулет жоспарлау жобаларына негізгі жауапты болады;

6) аудан аумағында қаржыландыру көздеріне қарамастан тұрғын үй, коммуналдық меншік және т.б. құрылыстары бойынша индикативті жоспарлар дайындауға қатысады.

 

Құқықтары:

1) заңнамаларға және басқа нормативтік актілерге сәйкес өз құзырына жататын мәселелер жөнінде мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан қажетті құжаттарды сұратады және алады;

2) мердігерлермен жасалған келісім шарттардың орындалауын қадағалайды, олардан қажетті мәліметтер беруді талап етеді.