Сырым аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Ишангалиева Эльмира Ерболқызы

 

 

Сырым ауданы әкімінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы №10 өкімімен Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ишангалиева Эльмира Ерболқызы 1988 жылы 2 маусымда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша  бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы ««Милена-Сырым» микрокредиттік ұйымы» ЖШС-де  заңгер болып бастаған.

2011-2012 жылдары  Батыс Қазақстан облысы  «НефтеГаз-Дем»  ЖЗҚ АҚ ОФ Сырым ауданы бойынша салымшыларды тарту менеджері, «Жаhанша-2020» кредиттік серіктестігінде заңгер болып жұмыс жасаған.

2012-2018 жылдары Сырым ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының бас инспектор заңгері қызметтерін атқарды.

 

Азаматтарды қабылдау кестесі - әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері
Қабылдау уақыты: сағат 10.00 ден 12.00-ге дейін 
Мекен-жайы: БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, №11/1
Электронды адрес: syrym_rozisp@mail.ru 
Телефон: 40-0-51