ЖОБА

                                                                                                                                              

 

Сырым ауданы Жымпиты ауылдық
округінің Өлеңті ауылындағы кейбір
көше атауларын қайта атау туралы
     

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес, Жымпиты ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жымпиты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:                                                                 
1. Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің Өлеңті ауылындағы кейбір көше атаулары:
      «Ақдала 1» көшесін – «Ұлытау» көшесі;
      «Ақдала 2» көшесін – «Шаңырақ» көшесі;
      «Досжанов» көшесін – «Мұқадес Исламғалиев» көшесі;
      «Тәжібеков және Бердіғалиев көшелерін – «Жағалау» көшесі деп қайта аталсын.
2. Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Умирзакова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.                                                                               
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.          4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

  Батыс Қазақстан облысы
         Сырым ауданы  Жымпиты
           ауылдық округінің  әкімі                                          А.Баяндыков