Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің Бұлдырты ауылындағы жаңа көшеге атау беру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ауылдық округ тұрғындары жиынының хаттамасын және облыстық ономастикалық комиссияның кезекті отырысының қорытындысын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:  

  1. Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округіне  қарасты  Бұлдырты ауылындағы жаңа көшеге атау берілсін.

Жаңа көше – «Болашақ» көшесі.

  1. Бұлдырты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (С. Кубаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.                       
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.         
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

 

Сырым ауданы Бұлдырты

ауылдық округінің  әкімі                               Е. Макашев