Жымпиты ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы

11 маусымдағы №53 «Сырым ауданы Жымпиты

ауылдық округінің Өлеңті ауылындағы кейбір

көше атауларын қайта атау туралы»

шешіміне өзгеріс енгізу туралы

     

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Жымпиты ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жымпиты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жымпиты ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 11 маусымдағы №53 «Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің Өлеңті ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5249 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

         1 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:                         

«1. Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің Өлеңті ауылындағы

«Досжанов» көшесін – «Мұқадес Еслямғалиев» көшесі деп.

  1. Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Умирзакова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданы  Жымпиты

ауылдық округінің әкімі    А.Баяндыков