ЖОБА

 

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы

мақсатындағы жерлерге жер салығының

базалық мөлшерлемелерін және біріңғай

жер салығының мөлшерлемелерін

жоғарлату туралы

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 50-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және біріңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
  2. Осы шешімнің қолданылуы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін белгіленсін.
  3. Сырым аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                               

 

Мәслихат хатшысы                           

 

Түсіндірме жазба

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» Кодексінің 509 бабының 5 тармағына сәйкес  жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге осы Кодекстің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерін он еседен асырмай арттыруға құқығы бар.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 50-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін он еседен асырмай арттыруға құқығы бар.

Көрсетілген заң талабы 2018 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 65-бабы және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 19-бабының талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жер салығына есеп-қисап төмендегідей қолданылады: мысалға Сырым ауданы бойынша 468.0 га егістік жердің кадастрлық құны топырақ бонитетімен есептегенде 5 251 896 мың теңгені құрайды.

Егістік жерлердің есебі:

  1. 500 га дейін-0,15%
  2. 501 га дан 1000 га дейін-0,3 %
  3. 1001 га дан 1500 га дейін-0,45%
  4. 1501 га дан 3000 га дейін-0,6%
  5. 3000 га дан жоғары-0,75%

 Егістік жерлер: 5 251 896 мың тг х 0,15%=7 878 мың тг, 10-есе қолданылған жағдайда келесі өсімді құрайды – 78 780 мың тг.

Жайылымдар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу осындай жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына 0,2 % мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі. Жайылымдық жерлер: 1000 га жайылымдық жердің бағалау құны 2 325 985 мың теңгені құрайды. 2 325 985 мың тг х 0,2%=4 652 мың тг, 10-есе қолданылған жағдайда келесі өсімді құрайды – 46 520 мың тг.

Осыған сәйкес аудандық мәслихаттың «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы» шешімінің жобасы дайындалған болатын. Бұл шешімді қабылдаудың тиімді жағы ауданның бюджет түсімін ұлғайту болып табылады.

Сондай-ақ аудан көлемінде орналасқан агроқұрылымдар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін тиімді әрі  нысаналы мақсатына сай пайдаланады немесе жер учаскелерін игера алмайтын агроқұрылымдар жер салығын он есеге дейін бюджетке төлеп, жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарады. Мемлекет меншігіне жыл сайын  агроқұрылымдардың иелігіндегі игерілмей жатырған жер учаскелері қайтарылу үстінде. 2018 жылдың өзінде 16 837,0 га жер учаскелері ауданның арнайы  жер қорына қайтарылды. Егер осы жерлерге он есе біріңғай жер салығы салынған жағдайда бюджет түсімін бірқатар көбейтеді.

Бұл жұмыстар Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі және Сырым аудандық кірістер басқармасы арқылы жүргізіледі.        

 

Сырым аудандық  жер

қатынастары бөлімінің басшысы                                                 А.Токтаров