«Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 31 желтоқсанда № 14637 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Сырым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 128 ««Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4385 тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) және 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 336 ««Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4558 тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Сарсенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.Сарсеновке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                              А.Шыныбеков