Жаңалықтар

Асылында Қаратөбенің қастерлі топырағында осал адам тумайды. Киелі топырақ өзінде өсіп-өніп, өрген перзенттеріне небір жақсы қасиеттерді сіңдіріп барып, ұясынан ұшырады-ау. Күні кеше ғана Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан сырымдық ұстаз Гүлдана Нұғманова алғыс хат пен ҚР Президентінің омырау белгісін алғанын естігенде осы ой тағы да санада жаңғырды. 

Биылғы жылды тұңғыш Елбасы жастар жылы деп жариялап, басымдықты жастарға бергендігі бәрімізге мәлім. Өз сөзінде тұңғыш Елбасы шағын және орта кәсіпкерлікті жастар арасында дамытуға тапсырма берген болатын.

Бүгін Сырым ауданында Ұлы Жеңіс күніне орай салтанатты шара оздырылды.Жымпитыдағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлес жауынгерлердің құрметіне қойылған ескерткіштің басында болған салтанатты жиында аудан басшысы Төлеген Төреғалиев аудан тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, елдің тыныштығы үшін жанын пида еткен жауынгерлердің ұмытылмай, ерліктері ұрпаққа үлгі екендігін тілге тиек етті. Ұлы Отан соғысының ардагері, жерлесіміз Абдолла Жұмағалиевтің інісі Жұмағалиев Шайдолла ақжарма тілегін жолдады. 

Сұрапыл соғыс жылдары тылда қызмет еткен еңбеккерлердің еңбегі мен жеңісті жақындатуға қосқан үлестері аз емес.

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің жесірлері Бұлдырты ауылынан Сақыш Нұрғалиева, Қособа ауылынан Бағила Темірғалиева, Бұлан ауылынан Гүлбар Ушанованы, тыл еңбеккерлерін қабылдады.