Жаңалықтар

Құспанкөлдіктер жерлестері Жасдәурен Жақсылықовты шаруа жігіт деп таниды. Шаруа десе шаруа, Жасдәурен адал еңбегімен қорасындағы түлік басын санаулы жылдардың ішінде көбейтіп алды. Ол қазір мал басын бордақылаумен кәдімгідей айналысып жүр.

Әкімдердің кезекті есептік кездесуі бүгін Елтай ауылдық округінің орталығында өтті. Кездесулердің дәстүріне сай алдымен Сырым ауданының 2016 жылдағы әлеуметтік – экономикалық дамуы жайлы фильм көрсетілді. Кейін ауылдық округтің әкімі Сәлімжан Қыдыралин және аудан әкімі Абат Шыныбеков әкім ретінде атқарған жұмыстары туралы есептік хабарламаларын жасады.

Бүгін Жалпы білім беретін Жырақұдық орта мектебінде «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Қособа бастауыш партия ұйымы, ауылдық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен тыл еңбеккері Джумагулова Мәдина апайдың 80 жасқа толуына байланысты салтанатты шара өткізілді. Шараға ауыл ақсақалдары, «Жалын» жастар қоғамдық ұйым мүшелері, ЖББ Жырақұдық орта мектебінің ұжымы, Аяқкөл және Жырақұдық ауылдық кітапханаларының кітапханашылары қатысты.

Кеше Сырым аудандық мәдениет үйінде «Балалар мен жасөспірімдер» шығармашылық орталығының маманы, «Драма» үйірмесінің жетекшісі Эльдар Аубекиров пен Сырым аудандық «Мәдени-демалыс» орталығының маманы Жоламан Еркіннің бастамасымен жастар театрының тұсауы кесілді.