Жаңалықтар

Бүгін Сырым ауданының активінде Сырым аудандық сотының жаңа судьясы таныстырылды. Бұл лауазымға ҚР Президентінің жарлығымен Ниязов Таймас Кеңесұлы тағайындалды.Актив жиынына қатысқан Батыс Қазақстан облыстық алқа соты төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ниязбек Ділдәбеков жаңа судьяның тәжірибелілігін атап өтті.

9 қаңтар күні Сарой ауылында ЖББ Абай орта мектеп-балабақша кешені және «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен дене шынықтыру пәні мұғалімі Утешов Азамат Нағымұлының 50 жас мерей тойына арналған шағын футболдан аудандық турнир өтті.

Ауданымызда 2016 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап «Өрлеу» мемлекеттік жоба жүзеге асуда.«Өрлеу» жобасының мақсаты- тұрмыстық деңгейді көтеру. Ал ең кереметі- отбасы мүшелерінің ақылы қызметке орналасуы, немесе жеке кәсіпкерлікке мүмкіндік алу, немесе шаруа қожалығын әлдеқайда тиімдірек ұымдастыру арқылы өзін-өзі қамтамасыз етуі.

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Сырым аудандық мәслихатының кезектен тыс Х сессиясы болып өтті. Сессияға аудандық мәслихаттың депутаты Бақытжан Хамидуллин төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Бүгін Сырым ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламент сенатының депутаты Мұқаев Ерболат Рахметұлы келді. Сенат депутаты алдымен Алаш мұражайымен танысты.