Жаңалықтар

Бүгін аудан әкімі Абат Шыныбеков Жетікөл ауылдық округінің әкімі Салауат Ғабдуллин мен бірге Қосарал ауылының тұрғыны Талап Ырысовтың шаңырағында болды. 

Кеше Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қайрат Төлепов аудан орталығының іргесіндегі Өлеңті ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесуге аудан әкімі Абат Шыныбеков және аудандағы сала басшылары қатысты.

Бүгін Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектепте Жаһаншаның 130 жылдығына арналған «Мақтанымыз Жаһанша» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешке аудан әкімі А.Шыныбеков, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлімі басшысы З.Габбасова, мекеме қызметкерлері, мектеп оқытушылары мен оқушылары қатысты.

Өлеңті өзені жағасында аудандық білім беру бөлімі жəне "Жас туристер станциясы" МКҚК-ның ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай білім беру қызметкерлері арасында «Ақшақар – 2017» атты шаңғы жарысы өтті. Ауа райының салқындығына қарамай барлығы 20 команда сынға түсіп, жалпы командалық есеп бойынша А.Жұмағалиев ОМБК І орын, Көгеріс НМ ІІ орын, жас туристер станциясы ІІІ орын иеленді. Ерлер арасында І орынды Абай ОМБК Айтимов Нұрсұлтан, əйелдер арасынан жас туристер станциясы педагогі Ишангалиева Меруерт иеленді. Аудандық білім беру бөлімінің арнайы сыйлығымен Сырым ОМБК командасы мен Бұлдырты ОМ педагогі Джанузакова Диана марапатталды.

Кеше Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков Аралтөбе ауылдық округінің тұрғындары үшін есептік кездесу өткізді.