Жаңалықтар

Бүгін «Нұр Отан» ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары А.Саркуловтың төрағалық етуімен Сырым Датұлының туғанына 275 жыл, Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл, Ж.Досмұхамедовтың туғанына 130 жыл толу мерейтойлық шараларды атап өтуге қатысты іс-шаралар жоспарын талқылау мақсатында тарихшылармен кездесу өтті. 

Кеше Талдыбұлақ ауылдық округінің орталығында аудан әкімі Абат Шыныбеков және округ әкімі Қарлығаш Исатаева жергілікті тұрғындар үшін есептік кездесу өткізді. Бұл аудан бойынша округ орталықтарында болып жатқан әкімдердің есептік кездесуінің рет жағынан алтыншысы болып отыр.

Кеше Алғабас ауылдық округінде аудан әкімі Абат Шыныбеков және округ әкімі Өркен Әменов тұрғындар алдында жылдық жұмыс қорытындылары жөнінде есептерін берді. Есептік кездесуге ауыл тұрғындары, аудандағы сала басшылары және аудандық мәслихаттың депутаты Санат Берсебаев қатысты.

Жұмыртқаның отаны. Жас кәсіпкер Дастан Сейітжановтың кішігірім тауық фермасын осылай атауға болатын сияқты. Шағын «ферма» иесіне күніге 70 жұмыртқадан береді.

Құспанкөлдіктер жерлестері Жасдәурен Жақсылықовты шаруа жігіт деп таниды. Шаруа десе шаруа, Жасдәурен адал еңбегімен қорасындағы түлік басын санаулы жылдардың ішінде көбейтіп алды. Ол қазір мал басын бордақылаумен кәдімгідей айналысып жүр.