Жаңалықтар

Кеше Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков Аралтөбе ауылдық округінің тұрғындары үшін есептік кездесу өткізді.

Сырым ауданында аудан әкімі Абат Шыныбековтың халық алдындағы есептік кездесулері басталды. Бүгін аудан басшысы Бұлан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда мекемелерде қызмет атқарып жүрген жастардың орны ерекше. Аудан көлемінде өтетін шараларда мекемелерде қызмет атқаратын белсенді жастарды ұйымдастыруда жаңа форматтың қажеттілігі байқалады. Осы мақсатта сырым аудандық жастар ресурстық орталығы мен "Сырым жастары" ЖҚ бастамасымен мекемедегі белсенді жастарды топтастырып, жүйелі байланыс орнату мақсатында, арасынан көшбасшы тағайындап аудандағы жастар саясатына үн қосу мақсатында аудан жастарының комитеті құрылмақшы.

Бүгін Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қайрат Төлепов «1 май» елді мекенінің тұрғындарымен есептік кездесуін өткізді. Кездесуге аудан әкімі Абат Шыныбеков қатысты.

Бүгін аудан әкімі Абат Шыныбеков Жетікөл ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында жаңа ғимаратқа орналасқан Қосарал ауылдық кітапханасының жұмысымен танысты.