Жаңалықтар

Бүгін Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков Шолақаңқаты ауылдық округінің аумағындағы Аңқаты су қоймасының жөнделу жұмыстарымен танысты. Қойманың жөндеу жұмыстарын мердігер "ПМК - 117" ЖШС жүргізіп жатыр.

Бүгін Сырым ауданында ауылдық округ әкімдерінің елді мекендердегі есебі басталды. Алғашқы болып Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі Тимур Айтқалиев Құспанкөл елді мекеніндегі тұрғындардың алдында есеп берді.

Сырым ауданындағы балалар саз мектебінің оқушылары кейінгі кездері өздері сияқты өнерпаз балаларға кәдімгідей бәсекелес болып жүр. Өнерде бәсекелес болу деген оңай дүние емес. Бақ Құдайдың қолында, ал бабың да басқадан биік болуы керек. Соған қарағанда біздің оқушылардың бабы мықты болып тұр.

Дала реформаторы, шешен, батыр Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған алғашқы шаралар Сырым ауданында ендігі басталып кетті.Негізгі шара бүгін Жетікөл ауылдық округінің орталығы Қосарал ауылында өтті.

Бүгін Сырым ауданында дала кемеңгері Сырым Датұлының 275 жылдығына арналған "Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен" тақырыбындағы кітап көрмесі салтанатты түрде ашылды. Ашылу шарасында аудан әкімі Абат Шыныбеков қатысты.