Жаңалықтар

Сырым ауданының Талдыбұлақ ауылдық округінде әмбебап спорт алаңының ашылу салтанатына арналған шағын футболдан аудандық ашық турнир өтті.

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев жұмыс сапарымен "Ашық есік" аясында Бұлдырты ауылдық округінің тұрғындарын қабылдады. Бұлдырты жұртшылығы жұмыссыздық, әлеуметтік көмек алу бойынша сұрақтарын жолдаса, басшылық тарапынан мәселелерді шешуді аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына тапсырды.

Аудан орталығында 5-6 қараша аралығында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбы бойынша «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Бүгін Сырым ауданының шаруалары ауылшаруашылық күнін атап өтті. Шараның ашылу салтанатында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев құттықтау сөз сөйлеп, 2019 жылдың сырымдық еңбекшілер үшін табысты болғанын айтты.

Бүгін Сырым аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева бастаған мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері аудан орталығы Жымпитыда салынып жатқан үш қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын көріп, бақылап қайтты.