Жаңалықтар

Биылғы жыл мектеп оқушылары үшін сәтті басталды. Олай дейтініміз, Қ.Мырзалиев орта мектебінің шәкірттері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)топ жарып, үздік атанды.

Сырым ауданында 11 сынып оқушыларына арналған білім жетілдіру курсы аяқталды. 4 күн бойы Қ. Мырзалиев атындағы мектептің базасында аудан мектептерін бітіруші 78 түлекке Сырым ауданының үздік педагогтары дәріс берді.

Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында «өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап көрсетті.

Сырым ауданында ашық əкімдік шарасы басталды. Аудан əкімі және екі орынбасары барлық ауылдық округ орталықтарында, елді - мекендерде тұрғындар үшін қабылдаулар өткізіп, оған бөлім басшылары мен жұмыспен қамту орталығының мамандары бірге қатысуда.

Сырымдықтар Наурыз тойын ерекше екпінмен тойлауда. Осыған дейін ауданға қарасты ауылдар мен Жымпитының басты көшелеріндегі той кеше аудан орталығында жалғасты.