Жаңалықтар

17.05.2019 Бүгін аудандық мәдениет үйінде "Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институты және Ерсары батыр Бегетайұлы" атты облыстық конференция өтті. Конференцияға қатысушы қонақтар алдымен Дәдем ата қорымында жерленген Ерсары батырдың зиратына барып, зиярат етті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР Спорттық бағдарлау федерациясы, Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 1-5 мамыр күндері аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласында спорттық бағдарлаудан кросс, велокросс бойынша халықаралық “Бурабай -2019” жарысы оздырылды.

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Халықаралық отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңі өтті. Ұлттық байқауға қатысушы әулеттер саны жылдан-артып келеді. Алдымен ауылдардан қатысқан отбасылар әулеттің тарихынан сыр шертетін бұйымдарынан, жетістіктерінен құралған көрмелерін таныстырды.

Асылында Қаратөбенің қастерлі топырағында осал адам тумайды. Киелі топырақ өзінде өсіп-өніп, өрген перзенттеріне небір жақсы қасиеттерді сіңдіріп барып, ұясынан ұшырады-ау. Күні кеше ғана Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан сырымдық ұстаз Гүлдана Нұғманова алғыс хат пен ҚР Президентінің омырау белгісін алғанын естігенде осы ой тағы да санада жаңғырды. 

Биылғы жылды тұңғыш Елбасы жастар жылы деп жариялап, басымдықты жастарға бергендігі бәрімізге мәлім. Өз сөзінде тұңғыш Елбасы шағын және орта кәсіпкерлікті жастар арасында дамытуға тапсырма берген болатын.