Жаңалықтар

 Жымпитыда «Мейірімді көктем» қайырымдылық акциясы аясында Жымпитыда сырымдық әнші Нұртілеу Болаттың «Менің аппақ анам – ау!» атты қайырымдылық ән кеші өтті.

Нұртілеу Болат – өңірімізге танымал жас әншілердің бірі. Оның репертуарындағы «Оралымсың менің!», «Қарындас», «Еркем», «Менің аппақ анам – ау!» сияқты әндері жастар арасында жақсы тыңдалымға ие, республикалық музыкалық сайттарда көп жүктелетін әндердің қатарында. Кешегі кеште әншінің «Мейірімді Алла» атты жаңа әнінің тұсауы кесілді. Туындының әнін Ерғанат Кеңесбекұлы, ал сөзін ақын Серік Қалиев жазған.

Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жер кадастры бойынша 37 қызмет түрін көрсетеді. Оның ішіне жер аумағын, құрылымын, топырақ құрамын анықтау бойынша жұмыстар кіреді. Бұлардың қатарындағы төртеуі мемлекеттік қызметтер. Атап айтқанда, жер учаскелерінің кадастр құнын анықтау, жер телімінің сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу және беру, мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін ұсыну және жобаланатын жер учаскесін келісу сияқты қызметтер мемлекеттік корпорацияның облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы филиал қызметкерлерімен атқарылады.

«Мейірімді көктем» қайырымдылық акциясы Сырым ауданында жақсы қарқынмен жүзеге асуда.

Кеше Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұжымы мен «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің белсенділері аудан орталығында тұратын әлеуметтік жағдайы әлжуаз 4 жанұяға бір айлық азық – түлік алып берді.

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында  аудан әкімінің міндетін атқарушы Асланбек Сарқұлов және сала басшылары  тұрғындарды толғандырған  мәселелері бойынша  «Ашық әкімдік» бірыңғай  қабылдау жүргізді.  Ашық әкімдікте тұрғындар жұмыс, тұрғын үй, көп балалы аналарға көмек алу туралы мәселелерді көтерді.Көп балалы аналарға берілетін  атаулы әлеуметтік көмектің төлену шарттары түсіндірілді. Қазіргі кезде  ең төменгі күнкөріс деңгейі – 26698 теңге. Ал кедейлік  шегі күнкөріс деңгейінің  50 пайызы немесе 14849 теңге. «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде  Елбасы тапсырмасын сай 2019 жылғы 1 шілдеден бастап атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа тәртібі бекітілді. Аз қамтылған отбасыларды, әсіресе, көп балалы отбасылардың қамту аясын кеңейту мақсатында өлшемі ең төменге күнкөріс деңгейінің  50 пайызынан 70 пайызға, 14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін  көтеріледі.  Аз қамтылған отбасылардың  балаларына 18 жасқа дейін ай сайын  20789 теңге кепілдендірілген  көмек төленетін болады.  Егер бала жоғары оқу орнында оқыса,  бұл көмек 23 жасқа дейін жалғасады.  Ал, ата-анасына кедейлік шегінен отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табысының айырмасы төленеді. 

Кеше  Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында отыз орындық «Аlina» дәмханасы ашылды. Жаңадан бой көтеріп, пайдалануға берілген асхананы иесі Берік Жүсіпов өз қаражаты есебінен салды.