Жаңалықтар

«Сырым елі» қоғамдық – саяси газетінің мамыр айындағы №21 санында «Медпунктті мекендеген жанұя» атты мақала жарық көрді. Мақалада Көгеріс ауылындағы медициналық пункттің бір бөлмесінде тұрып жатқан үш бала мен олардың анасының қиын тұрмысы баяндалғаны, газеттің сол жанұяға баспана сатып алу үшін «ГАЗЕТТЕН ЖАСАЛҒАН ҮЙ» атты жоба жариялағаны оқырмандардың есінде шығар.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің және Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын, Ақұштап Бақтыгереева ауданымызға келді. Ақынды Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев пен аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева Қаратөбе ауданы жолында қарсы алды. 

Сырым ауданы, Қособа ауылында Батыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін түйе палуаны, «Сырым» күрес мектебінің негізін қалаушы Оралбек Қожагелдинді еске алуға арналған ірі мәдени – көпшілік шара өтті.

Бүгін Сырым ауданында мектеп бітірушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Тесталды өткен салтанатты шарада Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев сөз сөйледі.

Бүгін аудан орталығындағы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің ауласынан «Street Work Out» алаңы ашылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында мектептің 21 жылдық және 20 жылдық түлектері, яғни, 81 және 82 жылғы туылған ауыл азаматтары жаңа алаңды сыйға тартты. Тұрғындарға түсінікті болу үшін айта кетейік, ағылшын тілінен аударғанда, «street» – көше, «work» – жұмыс, «out» – тыс, сонда «Street Work Out» жұмыстан тыс уақытта демалып, шұғылданатын алаң деген мағынаны білдіреді.