Ағымдағы жылдың 20-маусымында мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі туралы түсіндіру жұмысының бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандық ветеринария бөлімінде «Мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» тәртібін түсіндіру бағытында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге ҚР АШМ ВБ және ҚК Сырым аудандық аумақтық инспекциясы, Сырым аудандық ветеринариялық зертханасы, Сырым аудандық ветеринарлық станция мамандары мен қызметкерлері және «Али-Дар», «Жарқын-Тастемір» шаруа қожалықтары басшылары қатысты. Дөңгелек үстелде «Мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» тәртібін түсіндіріліп және қойылған сұрақтарға қаңағаттандырарлықтай жауап берілді. Сонымен қатар аудандық ветеринария бөлімінің  мемлекеттік көрсететін қызметтер туралы ХҚКО арқылыда аудан тұрғындарына жадынамалар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.

Аудандық ветеринария бөлімінің
бас маманы А.Каримуллиев