Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірігіп электронды үкімет порталы арқылы алынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұрғындар арасында үгіт насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу туралы дөнгелек үстел өтті.
Ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингі бөлімінің бас маманы Қ.Ишангалиев электронды үкімет порталынан мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кезде ұялы телефонның смс хаты арқылы алуға болатыны туралы бейнежазба көрсетті. Осыған орай округ мамандарына халыққа кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізуге тапсырма берілді.