Әсерлі сөз жазушы Қажығалидің сөзі болды. - Сырым туралы бізден гөрі, ел ішіндегі сіздер жақсы білесіздер. Менің романым елдің ауызынан сусындады. Сырым батыр туралы роман жазу мені үлкен құрметке алып келді. Құрметім сол, мен осы топырақтың, осы Сырым елінің баласы, батырдың ұрпақтарының бауыры сияқты болып кеттім деп айта аламын. «Тар кезең» романы – менің өмірлік шаруам!