Аралтөбе ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі таңдаушылардың отырысы өтті. Отырысты аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева жүргізіп, он екі аудандық мәслихат депутаттары мен аудандық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Салауат Нұрпейісов қатысты. 
С.Нұрпейісов таңдаушыларға дауыс беру тәртібін таныстырды. Таңдаушылар дауыс беріп, одан кейін сайлау комиссиясы дауысты санады. Он екі таңдаушының жүз пайыз дауысын Аралтөбе ауылдық әкіміне үміткер Мұхитов Әділхан Рахымжанұлы жинады.