Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен футболдан "Былғары доп" республикалық балалар мен жасөспірімдер турнирінің аудандық кезеңі 2003-2004 жылғы туылған оқушылар арасында өтті. Турнирге жалпы 5 мектептен 6 команда, 80-ге жуық оқушы қатысты. Қорытынды есепте жүлделі 1 орынды Қ.Мырзалиев атындағы мектеп оқушылары,2 орынды М.Қаналиев атындағы мектеп оқушылары, жүлделі 3 орынды Бұлдырты орта мектебінің оқушыларынан құралған командалар иемденді.Жүлделі орын алған командаларды аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Қ.Раймов пен бас төреші Е.Чукуров алғыс хатпен марапаттап,арнайы сыйлық табыс етті.Турнирдің басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау,шымыр да саналы ұрпақ тәрбиелеу.