Қазақта «Жалғыздың ісі оңалмас, көптің ісі жоғалмас!» деген жақсы сөз бар. Өзіміздің Жайықты жағалап өткен Әбубәкір Кердерінің сөзі бұл сөз. Бірақ мәселе, ол сөздің кімнің айтқанында емес, елдің амал етуінде болып тұр ғой. Иә, біздің аудан жоғалмайтындай іс жасады. Күні кеше «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын негізгі алып, дүркіреткенде де дүркіретіп тұрып даңқты батыр, дауылпаз шешен Сырым Датұлының 275 жылдығын атап өтті.

Баба тойының той болып өтуіне С. Датұлы атындағы қоғамдық қор ерекше үлес қосты. Қорға қолдау болған ауқатты азаматтарға айтар алғыс бір бөлек. Бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Сырым Датұлының 275 жылдығының құрметіне өткен мәдени – көпшілік шараларға белсене қатысқан біраз азаматқа алғыс тапсырып, сияпатын жасады. Әкімнен құрмет көргендердің қатарында сырымтану ісіне үлес қосқан тарихшылар да, белсене жұмыс тындырған басшылар да, тіпті тойға даланы дайындаған механизатор да бар. 
Кім – кімнің де еңбегі шешуші, дәл солай кім - кімнің де еңбегі құрметті. Ел бірлігі үшін, тарих үшін жасаған еңбектеріңізге рахмет! – деді ауданның әкімі өзінің ел алдындағы сөзінде.