Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев Аралтөбе ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған Әділхан Рахымжанұлы Мұхитовты ауыл активіне таныстырды. Аудан басшысы жаңа әкімнің өмірбаяны мен еңбек жолын атап өтті. 
Ауыл тұрғындары сөз сөйлеп, Әділхан Рахымжанұлымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтындықтарын жеткізді. Ә.Мұхитов аудан басшысының сенімін ақтап, округтің мүддесі үшін аянбай еңбек ететінін айтты. 
Тағайындалған округ әкімін аудан әкімі Т.Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева, мәслихат депутаты В.Жұмағалиев құттықтады.