Кеше Сырым ауданы әкімдігінің кезекті отырысында Сырым ауданының 2017 – 2018 жылғы жылыту маусымына дайындығы пысықталды. Бұл мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейрам Қайырғалиев хабарлама жасады.
Бөлім басшысының айтуы бойынша, аудандағы барлық әлеуметтік нысандар газбен қамтылған және жылытудың жаңа маусымына дайын. Дайын деген күннің өзінде, шеті шығып тұрған мәселелер бар. Нақты мәселелерді кейін жазамыз. Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев жылыту маусымының дайындығын олқы қылмауды қатаң тапсырып отыр. Аудан әкімі биыл жыл бойына жүргізілген санитарлық айлықты да сынады. 
Қазан айынан бастап қайырымдылық айлығы басталады. Ұйымдастыру жұмыстары жайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арман Баяндықов айтты.