Ұлт пен мемлекеттің бәсекеге қабілетті болуы, сапалы білім мен саналы тәрбиеге тікелей байланысты. Соңғы онжылдықтарда білім беру саласына ұдайы көңіл бөлініп келеді. Білімді, рухани жағынан бай ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың алар орны зор. Осыған орай, дәстүрлі республикалық «Үздік педагог» байқауы оздырылған болатын. Байқау нәтижесінде облыс бойынша 4 ұстаз жеңімпаз атанса, соның бірі Сырым ауданынан Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Тұржігітова. Білікті ұстаз, барша шәкірттерінің мақтанышына айналған Г.Қуандыққызын аудандық білім беру бөлімінің басшысы З.Ергазиева қарсылап алып, өз кезегінде шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар Орал қаласында мұғалімдер күніне орай өткен салтанатты шарада аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскері Д.Ищанова «Заманауи әдіскер» номинациясымен марапатталды.