«Айбынды Алаш жастары» аталынған облыстық жастар форумы өлкетанушы Ж.Ақбайдың «Жанша» кітабы негізіндегі «Жаһанша» қойылымымен аяқталды. Өте жоғары деңгейдегі қойылым форум делегаттары мен қонақтарының көңілінен шыға білді. Қойылым соңында ақын Қ.Сарин жырдан жолдау жолдаса, әнші И.Ескендір патриоттық әндерімен жастарды тағы бір шабыттандырып, ерекше алғыстарын білдірді.