Бүгін ауданымызда Елбасы Н:Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау және «Алашорда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуын атап өту мақсатында Батыс Қазақстан облыстық "Жас Отан жастар қанатының" облыстық филиалы,"Сырым жастары" қоғамдық бірлестігінің және Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Айбынды Алаш жастары» атты облыстық жастар форумы өтті.

Форумды Батыс Қазақстан облысының «Жасотан жастар қанатының» облыстық филиалының төрағасы Н.Қаршығаұлы жүргізді. Бүгінгі форумға Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы А.Сакошев, аудан әкімі Т.Төреғалиев, ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Қ.Сарин, әнші, «Дарын» мемлекеттік жастар премиясының иегері И.Ескендір, облыстық және аудандық жастар ұйымдарының көшбасшылары, ауылдық жастардың жетекшілер, облыстық және аудандық жастар ресурстық орталықтарының басшылары, жастар өкілдері, жұмысшы жастардың өкілдері, жас кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері қатысты. Алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімі Т.Төреғалиев ауданымызға келген қонақтарға өз ризашылығын білдіріп, осы жылы Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай өткізілген бірқатар шаралар туралы мәлімет берді. Өз кезектерінде сөз алған ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Қ.Сарин мен әнші, «Дарын» мемлекеттік жастар премиясының иегері И.Ескендір тарихтан сыр шертіп, патриоттық рух беретін жырларымен жастарға үлкен күш берді.Бүгін өткізіліп отырған облыс жастарының форумының мақсаты облыс жастарының және жастар ұйымдарының басын қосып, туған жеріміздің тарихымен терең таныстыру, Тәуелсіздік алу жолында Алаш зиялыларының еңбегінің маңыздылығын көрсету. Форумның қорытынды бөлімінде әр аймақтан келген жас тарихшылар, жас ақындар пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жолдады.