Секциялық отырыстардан соң, делегаттар Алаш саябағын аралап, ауданның тарихымен танысып гүл шоқтарын қойды. Одан әрі Алаш музейі мен Ж.Досмұхамедов атындағы музейге шағын экскурсия жасады. Экскурсия кезінде мұражайлардағы ескерткіштер мен жәдігерлердің тарихы таныстырылды. Сонымен қатар қонақтар мұражайлардағы арнайы тілек бұрышына тілектерін арнап, қолтаңбаларын қалдырды.