Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі жəне экология орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 4-6 қазан күндері аралығында Орал қаласында спорттық бағдарлаудан Х "Батыс Азимут" облыстық чемпионаты өткізілді. Аталған жарыста Сырым ауданы командасы қатысып, жақсы нəтиже көрсетті. Атап айтсақ "Таңдау" қашықтығы бойынша W16 тобынан Тұрланова Айкөркем мен W18 тобынан Серікқали Аружан 3 орын, "Ұзақ" қашықтық бойынша Үмбетяров Мəдениет 3 орын, "Түнгі спринт" қашықтығынан МE тобы бойынша Есламгалиев Жасқанат 3 орын иеленді. Ал "Супер спринт" қашықтығынан М12 тобынан Турушев Нұрсұлтан 3 орын иеленсе, W16 тобынан сынға түскен Тұрланова Айкөркем жеңімпаз атанды. Сонымен қатар осы спорт түрінен өткен Орал қаласының ашық кубогынан аудан спортшыларының ішінен Үмбетяров Мəдениет қола, Есламгалиев Жасқанат күміс жүлдегер атанды.