Бүгін Сырым ауданы Орал қаласында өтіп жатқан «Дәстүр» мәдени - көпшілік шарасына қатысты. Аталмыш шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Сырым ауданы қала тұрғындары мен қонақтарының алдында атбегілік өнерді дәріптеді. Оған біздің ауданның толық қақы да бар. Өйткені өңірдегі ат аламандарында сырымдық атбегілер баптаған жүйріктердің жүлдесіз қайтқан күні аз.

Келушілер үшін ауданның тарихы мен мәдени дамуы да көрікті көрініспен ұсынылуда. Қос киіз үйде ауылдың меймандары үшін дархан дастархан жайылуда.