Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергелікті мемелекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 18 бабына сәйкес Сырым аудандық мәслихатының кезектен тыс XIX сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат депутаты Д.Тайшиев жүргізді. Сессияға аудандық мәслихаттың 12 депутаты, облыстық мәслихаттың депутаты Ғ:Нұрмұханов, аудан әкімі Т.Төреғалиев, аудан әкімі аппараты басшысы, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сессияда төмендегі күн тәртібіндегі мәселелер қаралды:

1. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №9-2 (2017- 2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Шалабаев хабарлама жасады.

2. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №16-8 «Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешімініе өзгерістер енгізу туралы.

Екінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Баяндықов хабарлама жасады. 

3. Сырым ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған іс – шара жоспарын бекіту туралы.

Үшінші мәселе бойынша аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Ө.Уашев хабарлама жасады. 

4. Округтік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы;

5. Учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы;

Төртінші, бесінші мәселелер бойынша аудандық мәслихат хатшысы Ш.Сайлауқызы хабарлама жасады. Сессия барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, пікір айтылды. Жиынды аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қорытындылады.