Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі және Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс – қимыл жөніндегі аудандық Кеңес отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер:

1. Аудандық білім беру, мәдениет, тілдерді дамыту, дене-шынықтыру және спорт бөлімінің жастар саясатын қолдау бағытындағы жұмыстары туралы;

Бірінші мәселе бойынша аудандық білім беру, мәдениет, тілдерді дамыту, дене-шынықтыру және спорт бөлімінің жастар саясатын қолдау бағытындағы жұмыстары туралы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Нұрпейсов пен аудандық білім беру бөлімінің басшысы З.Ергазиева баяндама жасады.

2. Ауылдық жерлердегі жастарды қолдау бағытындағы жастар мен жас отбасылардың еңбегі, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету саласы туралы;

Екінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Баяндықов пен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Д.Тайшиев баяндама жасады.

3. Ауданымызда жастарды діни ағымдар мен секталардан қорғау бағытында ислам дінінің құндылықтарын насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы жұмыстары туралы;

Үшінші мәселе бойынша «Сырым»» деструктивтік ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Исламгалиев баяндама жасады.

Сонымен қатар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің Үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету мақсатындағы жұмыстары туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А. Ганиева баяндама жасады.

Бүгінгі Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі және Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс – қимыл жөніндегі аудандық Кеңестің отырысында қаралған мәселелер қоғам үшін өте маңызды. Себебі жастар – біздің еліміздің болашағы, қазіргі қоғамның айнасыдесек, жастармен өткізілген әрбір шара, атқарылған жұмыс өз нәтижесін беріп, оларға үлкен серпіліс бола білуі қажет. Сонымен қатар Үкіметтік емес ұйымдар – аудан тұрғындарымен тікелей қарым-қатынас жасап, өмірімен біте қайнасады. Кеңес отырысын аудан әкімі Т.Төреғалиев қорытындылап, кеңес мүшелері өз тараптарынан пікірлерін, ұсыныстарын білдірді.