Бүгін «Мерей» мейрамханасында аудан орталығындағы қарияларға арналып ас берілді. Дастарханды белгілі кәсіпкер Мырзағұл Рахымжанов жайып отыр.

Астың басында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандағы ардагерлер кеңестерінің төрағалары Әнуарбек Ғалымов, Ғилаж Қаналиев құттықтау сөз сөйледі. 

Қазақ үшін құрметтің төресі – дастархан. Адал аспен, кіршіксіз көңілмен құрмет қылған ел азаматтарына қарттар жағы үлкен алғыс айтып жатыр. Қариялардың құрметіне ауданның көркемөнерпаздары өнер көрсетті.