Аудан әкімі Т.Төреғалиев «Айбынды Алаш жастары» атты облыстық жастар форумының қонақтары ақын, халықаралық "Шабыт" фестивалінің лауреаты Қ.Сарин мен әнші, "Дарын" мемлекеттік жастар премиясының иегері И.Ескендірді қабылдады. Т.Серікқалиұлы қонақтарға ауданымыздың тарихынан бір үзік сыр шертіп, арнайы сыйлық табыс етті.