Жақында аудандық ішкі істер бөлімінде жемісті қызмет атқарған, бүгінде зейнеткерлік демалыстағы бір топ ардагерлерді «Жедел уәкіл» күні мерекесіне орай марапаттау рәсімі болды.

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен ұлттық ұлан ардагерлерінің «Қазақстандық ұйымы қоғамдық бірлестігінің» Батыс Қазақстан облысы филиалының төрғасы, доғарыстағы полиция полковнигі Ж.Адаевтың қолдауымен аталмыш мерекелі күнге орай төмендегі ардагерлер марапатталды.

Яғни, зейнеткерлер Қобыланды Исанов, «ҚРІІМ ардагерлер ұйымына 45 жыл» мерекелік медалімен марапатталса, Сағындық Хайруллин мен Жанболат Ниязғалиев «Ақжайық» шипажайына тегін демалуға жолдамаға ие болды. Сондай-ақ, мерекелі күні туған күндері тұспа-тұс келіп отырған ардагерлер Арман Тұманғалиев пен Қуат Жұматаевқа да арнайы сыйлықтар тапсырылып, құрметтер көрсетілді. 

Марапатталған зейнеткер ардагерлерге тиісті марапаттарын Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Б.Қожахметов салтанатты түрде табыс етіп, отбасыларына амандық тіледі.