«Бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам»- Ұлт жоспарының 84 –қадамын іске асыру щеңберінде, 2015 жылғы «ҚР кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» Заңы қабылданды. Осы Заңға сәйкес Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңгізіледі.

Қазіргі кезде қолданыстағы: көпбалалы отбасыларға арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақы, аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына арналған мемлекеттік жәрдемақы және аз қамтылған отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің орнына беріледі.

Осы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында мобильдық топ Бұлан, Көздіқара, Шағырлой, Жетікөл, Қосарал, Жырақұдық, Қособа елді мекендерін аралады.