Алашорда Үкіметінің құрылғанына 100 жыл, Сырым Датұлының туғанына 275 жыл және Жаһанша Досмұхамедовтың туғанына 130 жыл толуына орай тарихи-өлкетану-туристік бағыттағы сапармен Зеленов ауданының оқушылары Сырым ауданында болды. 

Олар Ж.Досмұхамедовтың, Сырым Датұлының, Алаштың музейлерінде болып, сол заманның куәгерлері – жәдігерлермен танысты. Сырым Датұлы атындағы саябағындағы Сырымның, орталық алаңдағы Қадыр Мырза Әлінің, Алаш саябағындағы алаш арыстарына арналған ескерткіштермен танысты, гүл шоқтарын қойды.