20172017 жылдың 08 қарашасында Сырым ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Нұр Отан" партиясы" аудандық филиалының залында Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының Сырым ауданындағы филиалымен бірлесіп жеке кәсіпкерлердің және "Бухгалтерлік есеп орталығы" Валиева Айгул Болатқызының қатысуымен электрондық шот-фактураға енгізілген өзгерістер туралы семинар өткізді.
Семинарда мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесін пайдалану жолдарын түсіндірді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 263-бабының 2-тармағына сәйкес, осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шот-фактураны электронды нысанда:
1) Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалардың иелері, кеден қоймаларының иелері болып табылатын салық төлеушілер;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайлардағы салық төлеушілер беруге міндетті.
Салық кодексінің 263-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына «Әкелу кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 9 ақпандағы № 58 бұйрығымен бекітілген тізбеге (бұдан әрі - Тізбе) енгізілген тауарларды өткізетін салық төлеушілер жатады.
Салық кодексінің 263-бабы 15-тармағына сәйкес, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура жазып беру мынадай жағдайларда:
1) бухгалтерлік есеп жүргізген кезде негіз болып табылатын бастапқы есепке алу құжаттарын қолдана отырып, коммуналдық қызмет көрсеткені, байланыс қызметін көрсеткені үшін банктер арқылы есеп айырысу жүзеге асырылған;
2) жолаушы тасымалы жо жүру билетімен (осы тармақтың 3) және 3-1) тармақшаларында көзделгеннен басқа жағдайларда) ресімделген;
3) әуе көлігінде берілетін жолаушы тасымалдау электрондық билетпен ресімделген;
3-1) жолаушы тасымалы темір жол көлігінде берілетін электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;
4) Салық кодекстiң276-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жағдайларын қоспағанда, тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету қолма-қол есеп айырысу арқылы өткiзілген жағдайда сатып алушыға бақылау-кассалық машинаның чегi берiлген;
5) тауар дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;
6)Салық кодекстің 250-бабындакөзделген қызметтер көрсетілген;
7)Салық кодексінің 276-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларын қоспағанда, төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысу жүзеге асырылған жағдайларда талап етілмейді.
Салық кодексінің 263-бабы 16-тармағына сәйкесосы баптың 15-тармағының 1), 2) 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім берушi бұл талапты осы баптың ережелерiн ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды сенім білдірілген адамы арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi.
Сонымен қатар семинар барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Электронды түрде жазылып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы» Ережесіне сәйкес шот фактураларды электронды түрде толтыру жолдары түсіндірілді.

Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 
қабылдау және өндеу бөлімінің жетекші маманы Абдуллина Гульнур Сериковна