Әріптесіміз, жерлесіміз, адуынды ақын Бауыржан Ширмединұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының орталығы Шәуілдірде өткен ақын Тәушен Әбуованың 85 жылдығына арналған " Жырыңды сағындым сенің, Тәушен апа!" атты аймақтық ақындар айтысында топ жарып, жүлделі 1 орынды қанжығасына байлады! Өз кезегімізде ақынымызға шығармашылық табыстар тілейміз! Қаламың мұқалмасын, жазарың таусылмасын, Бауыржан!