«Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен С.Датұлының туылғанына 275 жыл, Алаш қозғалысының 100 жылдығы және Ж.Досмұхамедовтың 130 жылдығына арналған мекеме қызметкерлері арасында күзгі спартакиада басталып,алғашқы күні шағын футболдан жарыс өтті. Спартакиаданың басты мақсаты аудан көлемінде ұлттық және бұқаралық спортты кеңінен тарату, мекемелер арасында достық қарым – қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау. Алғашқы жарыс күні өте тартысты өтті. Қорытынды есепте жүлделі 3 орынды «Барыс » командасы, 2 орынды "Бірлік" командасы,1 орынды «Динамо» командасы иемденді.