Қособа ауылдық округінің тұрғындарына кешенді түсіндіру жұмыстары аясында кездесу өтті. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенгалиева , аудандық мешіттің наиб имамы А.Жұма, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы П.Илашева,Қособа ауылдық учаскелік полиция инспекторы Е.Зейнуллин, аудандық мемлекеттік бас ветеринариялық – санитарлық инспекторы Б.Бисенгалиев, аудандық ветеринариялық зертханасының меңгерушісі А.Кубиева, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ш.Райсов, ауыл әкімі Ж.Сатаев, ауыл тұрғындары, мектеп директоры, мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде:
1.«Дінімізге берік болайық!» тақырыбындағы қоғамда болып жатқан көкейкесті мәселелерді талқылау:
2.Латын әліпбиіне сатылай көшу жұмыстарын талқылау:
3.Зорлық – зомбылық фактілерінің алдын алу мақсатында түсінік жұмыстары:
4.Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі:
5.Ветеринария саласы бойынша атқарылған жұмыстары:
6.Сыбайлас жемқорлықпен күрес, оны болдырмау және алдын алу мақсатында түсінік жұмыстары:
Жалпы жиын барысында Ислам діні туралы оқушыларға кеңінен мағлұмат беріліп, діни ақпарат алуға арналған сайттардың сілтемелері жазылған арнайы жадынамалар таратылды.Латын әліпбиіне сатылай көшудің тиімді тұстары туралы, жұқпалы мал ауруларының алдын алу сөз қозғалды. Тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып нақты жауаптар алынды. Алдағы уақытта да кешенді түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.