Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен аудан көлемінде салық салу базасын кеңейту және бюджет түсімдерін ұлғайту бойынша 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

2017 жылдың 1-2 қараша күндері басқарманың бас маманы М.Галимова Бұлдырты, Жымпиты ауылдық округтеріне арнайы барып, көлік салығынан берешегі бар салық төлеушілермен кездесіп, түсіндіру және өндіру жұмыстарын жүргізді.

Жеке сот орындаушының көмекшісі М.Мажитпен бірлесіп, Бұлдырты ауылдық округі бойынша көлік құралдары салығы бойынша салық берешегі бар 13 салық төлеушімен, Жымпиты ауылдық округі бойынша 9 салық төлеушілермен кездесті. Кездесу барысында берешектері бар көлік иелеріне уақытылы төленбеген көлік салықтары үшін өсімпұл есептелетіні және 8 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) айыппұл салынатыны түсіндірілді.

Жүргізілген түсіндіру жұмыстары нәтижесінде көлік құралдары салығы бойынша 10 салық төлеушіден жалпы сомасы 182190 теңге салық берешегі өндірілді.

Сонымен қатар, Бұлдырты, Жымпиты ауылы бойынша 30 жеке кәсіпкер және шаруа қожалықтарының жетекшілеріне Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы түсіндірілді. Салық төлеушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу тәртібі, қаражаттың қозғалу схемасы, сақтандыру жарнасын төлеу тәртібі, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарнаны кім аударатыны жөнінде қойған сұрақтарға жауап берді.

 

Осыған қоса, 2017 жылдың 1 мамыр-30 қараша күндері аралығында электронды форматта «Wipon» мобильдік бағдарламасы арқылы жүзеге асып жатқан «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» атты акциясы туралы түсіндірілді. Бұл акцияға Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы қатыса алады. Ол үшін мобильдік бағдарлама арқылы фискалды түбіртектің суретін жіберу керек. Көп түбіртек жіберген адамның ұтысқа ие болу мүмкіндігі мол. Акция жеңімпаздары ай сайын анықталып, сыйлыққа ие болады. Тұрғындарға акцияға белсенді қатысуға шақырылды.